Міржақып Дулатұлына – 140 жыл

2025 жылдың 24 қарашасында Ғылыми кітапхананың оқу залында аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай «Алаш ардақтысы – Міржақып Дулатұлы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Көрменің негізгі мақсаты – ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылық мұрасын тереңінен таныту, студенттердің отансүйгіштік қасиетін арттыру, қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылығын дамыту.

Іс-шара Міржақып Дулатовтың әдеби-қоғамдық мұрасын кеңінен насихаттауға, оның шығармаларын зерделеу арқылы студенттерге терең әдеби білім беруге, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кітап оқуға тұрақты ынтасын қалыптастыруға бағытталған.

Тәуелсіз еліміздің ертеңін қалыптастыратын жас ұрпақ Міржақып Дулатұлының мұрасымен таныса отырып, ұлттық санасын жетілдіріп, тарихи танымын кеңейтіп, болашаққа деген сенімін нығайта түседі деген сенімдеміз. Көрме мазмұны жастардың рухани әлемін байытуға, елін, жерін сүйетін, тарихын құрметтейтін тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

Поисковые слова: