Ғылыми кітапхана және MA Group AG сіздерді университетке қолжетімді Anatomy.tv платформасындағы білім беру вебинарына шақырады.

Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері!

Ғылыми кітапхана және MA Group AG сіздерді университетке қолжетімді Anatomy.tv платформасындағы білім беру вебинарына шақырады.

Anatomy.tv – нақты медициналық зерттеулерге негізделген анатомиялық 3D модельдердің ең кең дерекқорларының бірі. 30 жылдан астам уақыт ішінде оны 150-ден астам елдегі 1500-ден астам ұйымдардан миллиондаған студенттер, ғалымдар және медицина мамандары пайдаланып келеді.

Primal Pictures модельдері компьютерлік томография деректеріне негізделген. Бұлшықеттер, тамырлар, жүйкелер және ішкі органдар МРТ және басқа да көптеген медициналық зерттеулер, соның ішінде Visible Human Project суреттері негізінде модельденеді.

Модельдерді студенттер мен пациенттерден бастап ғалымдар мен тәжірибелі дәрігерлерге дейін әртүрлі пайдаланушылардың қажеттіліктері мен тәжірибесіне бейімдеуге болады.

 

Вебинар барысында сіз университет студенттері мен оқытушыларына қолжетімді сандық 3D атластар мен басқа да Anatomy.tv құралдарын тиімді пайдалануды үйренесіз.

 

Тақырыбы: Anatomy.tv – Primal Pictures компаниясының 3D анатомиялық атласы

Күні мен уақыты: 6 қараша, сағат 14:00 (Астана)

Жүргізуші: Анна Белянцева, MA Group AG бизнес дамыту менеджері

Іс-шара тілі: орыс тілі

Тіркеу сілтемесі: https://maholding-ch.zoom.us/meeting/register/8L4D5dCmR0ylzyDnxMGKVA