Хабарландыру!

2024 жылдың 8 сәуір айында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада көрнекті геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚазКСР ҒА ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, КСРО ҒА академигі Қаныш (Ғабдулғани) Имантайұлы Сәтбаевтің туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ халқының ұлы ғалымы» атты көрме  ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты – қазақтың тұңғыш геологы, академик, қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау және сақтау, ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның әйгілі тұлғасына оқырмандар назарын аудару.

Кітап көрмесіне ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасының қорынан ғалым Қ.И. Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылығы, оның туындылары, монографиясы, мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалалары  ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

               Ғылыми кітапхана

Анықтама-библиографиялық бөлім