Хабарландыру!

2024 жылдың 7 маусым айында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде патологиялық физиология кафедрасына 90 жылдығына орай және кафедраға профессор Әділман Нұрмұхамбетовтің есімін беру рәсімі өтті. Іс-шараға университет ардагерлері, шет елден келген қонақтар, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері, профессор Әділман Нұрмұхамбетовтің туған-туыстары қатысты.

Мерекелік шараны құттықтау сөзімен ашқан университеттің  проректоры Датхаев Убайдилла Махамбетович.

Әділман Нұрмұхамбетов – Қазақстандағы экологиялық патофизиологияның негізін салушы. Еуропалық лимфологтар қоғамының, Ресей Федерациясының морфологиялық пәндер бойынша үйлестіру кеңесінің мүшесі болды. Өз мансабында ол дизельдік қозғалтқыштың шығарындылары мен ауыр металдар сынды антропогендік қоршаған ортаны ластаушы заттардың организмге әсер етуінің негізгі механизмдерін түсінуге елеулі үлес қосты.

Ә.Н. Нұрмұхамбетов жетекшілігімен 3 докторлық және 16 кандидаттық диссертацияларды дайындалып, қорғалды. Патологиялық физиология бойынша мемлекеттік тілдегі 5 оқулықтың авторы. Оның ғылыми еңбектері Италия, БАӘ және Қытайда жарияланған.

Ғылыми кітапхана «Нұрмұхамбетов Әділман Нұрмұхамбетұлы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапханасының қорынан профессор Әділман Нұрмұхамбетовтің өмірі мен шығармашылығы, оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары, авторефераттар қойылды.

           Ғылыми кітапхананың

    Анықтама-библиографиялық бөлім