Жаңалықтар!

2022 жылдың 28 ақпаны күні сағат 13.30-15.00-де Ғылыми кітапхананың анықтамалық-библиография бөлімі «Жүйке ауруларының» кафедра күнін өткізді, мұнда кафедра пәндері бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми және оқу әдебиеттерінің көрмесін ұсынды, сонымен қатар кітапхана қорындағы оқулықтармен танысты.
Кафедра пәндері бойынша ескірген әдебиеттерді кітапхана қорынан шығару мәселесі талқыланды.
Кафедраның қызметкерлерін ақпаратпен алмасу және кітапхана мен кафедралардың өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында осындай кездесулерді өткізу қажеттілігін атап өтті.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.

                                                                                          Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиография бөлімі