Құрметті оқытушылар, зерттеушілер және студенттер!
Біз сіздерге университетіміздің ғылыми-зерттеу ресурстарын кеңейту мақсатында ScienceDirect ғылыми платформасына тегін қол жеткізу мүмкіндігін ұсынамыз. Енді сіздер әлемдік танымал және сенімді журналдар мен ғылыми мақалаларға оңай және ақысыз қол жеткізе аласыздар. Бұл платформа ғылым, техника және медицина салаларындағы 3,484 журналға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
ScienceDirect дегеніміз не? ScienceDirect — бұл ғылыми жарияланымдар, зерттеулер және әр түрлі тақырыптарға арналған мақалалар қоры. Бұл платформа ғылыми зерттеу жұмыстарыңызға, сабақтарға және курстық, дипломдық жұмыстарға қажетті ең соңғы әрі сапалы материалдарды ұсынады.
Қалай қол жеткізуге болады?
- ScienceDirect.com сайтына кіріңіз.
- Scopus жүйесіндегі тіркелгі деректеріңізбен кіріңіз.
- Егер сізде Scopus-қа аккаунт жоқ болса, онда удалён түрде тіркелу процесін өтсеңіз болады. Жазыңыз [email protected]
- Ресурстарды іздеп, пайдалана бастаңыз!
ScienceDirect пайдалану артықшылықтары:
- Сенімді, жоғары сапалы ғылыми мақалаларға қол жеткізу.
- Тақырып бойынша ыңғайлы іздеу және сүзгіден өткізу мүмкіндігі.
- Мақалаларды сақтау және әріптестермен бөлісу.
Өз білімдеріңізді кеңейту және зерттеулер сапасын арттыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! Егер қол жеткізу немесе пайдалану бойынша сұрақтарыңыз болса, университеттің Ғылыми кітапханасы немесе мына поштаға хабарласыңыз: [email protected]






























































