Талғат Муминовтың «Клиникалық фтизиатрия» кітабының тұсаукесері

2024 жылдың 11 желтоқсан айында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде №7 оқу корпусы, 6 залда академик Талғат Момыновтың «Клиникалық фтизиатрия» кітабының тұсаукесері өтті.

Талғат Әшірұлы Момынов – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, фтизиатрия және пульмонология салаларын дамытуға баға жетпес үлес қосқан көрнекті ғалым.  «Клиникалық фтизиатрия» кітабы – КазҰМУ-да фтизиатрия бойынша ағылшын тілінде басылып шыққан алғашқы кітап. Басылымда көптеген жылдық ғылыми тәжірибе және туберкулезді диагностикалау, емдеу мен алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар жинақталған. Бұл кітап студенттер, оқытушылар және тәжірибелі дәрігерлер үшін таптырмас құрал болады.

Ғылыми кітапхана «Момынов Талғат Әшірұлының еңбек жолы мен тәжірибесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапханасының қорынан профессор академик Талғат Момыновтың өмірі мен шығармашылығы, оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары, журналдарға шыққан еңбектері қойылды.

               Ғылыми кітапхананың

Анықтама-библиографиялық бөлім