Алмаз Шарманның кітабының тұсаукесері

2025 жылғы 14 сәуірде С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Төрегелді Шарманов атындағы Даңқ Залында профессор Алмаз Шарманның «Биомедицина, Искусственный интеллект и Будущее человечества» атты кітабымен таныстырып, жаңа кітаптың тұсаукесері және Хакатон қатысушыларының жобаларын алдын ала тыңдау өтті.
Кітап бірнеше негізгі бөліктерге бөлінген: технологиялық трендтерге шолу, биомедицинадағы жасанды интеллект, биотехнологиялық революция, медицина мен денсаулық сақтаудың жаңа дәуірі, жасанды интеллект. Геномды революция, генді өңдеу және т.б. тақырыптар талқыланады.
Бұл кітапта жасанды интеллект модельдері және олардың эволюциясы мен экономикасы талқыланды.
Алмаз Шарман әлемнің бүгінгі жасанды интеллекті қалай қабылдайтынын және оның алдағы жылдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіріп өтті.
Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі көрме ұйымдастырды. Көрме тақырыбы: «Шарман Алмаз Торегельдиевич – Специалист в области биомедицины и общественного здравоохранения».
Көрмеге Алмаз Төрегелдіұлының өмірбаяны, ғылыми мақалалары, автордың кітаптары, отбасылық фотосуреттері және академик Төрегелді Шармановпен бірлескен еңбектері қойылды.

Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиографиялық бөлім

Поисковые слова: