16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні

Хабарландыру!

2023 жылдың 11 желтоқсан айында Ғылыми кітапхананың екінші қабатында №221 студенттер оқу залында, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз»  атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Ғасырлар бойы қиыншылықты басынан өткерген халқымыз үшін тәуелсіз ел атану  ең қымбат асыл қазына. 1991 жылдың​ 16-желтоқсанда​ Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі​ «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.

Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

Кітап көрмесінің мақсаты – ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ету, студенттерге бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу.

Көрмеге 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің шығу себеп-салдары мен оқиғаның өрбу барысы, оған қатысушылар туралы құжаттар, желтоқсан көтерілісінің бізге беймәлім қырларын баяндайтын кітаптар, сондай-ақ  еліміздің тәуелсіздік алған кезінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы баспадан шыққан басылымдар қамтылды.

Көрмеге кітаптар, мақалалар, құжаттар, фотосуреттер мен газеттер жинақтары қойылды. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын.

Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

Поисковые слова: