Сәбит Мұқанұлы Мұқанов -125 жыл

2025 жылдың 15 сәуір айында Ғылыми кітапхананың оқу залында – жазушы, ақын, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі 125 жылдығына орай «Сәбит Мұқанов – өз дәуірінің айнасы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: Сәбит Мұқанов – жазушылық дарынымен қоса көп қырлы, күрделі тұлға. Ол – қазақ әдебиетінің барлық жанрында өнімді еңбек еткен ақын-жазушы ғана емес, жалпы қазақ қоғамында қайраткер ретінде өшпес із қалдырған тұлға.

Кітап көрмесінде Ғылыми кітапханасы қорынан Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның еңбектері, жазушы туралы  естеліктері ұсынылған.
Студенттер ақынға арналған кітап көрмесімен танысты.

Ғылыми кітапхана Анықтама-библиографиялық бөлім