Құрметті ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері, дәрігерлер мен зерттеушілер, сіздерді «Кокран жүйелі шолулары – дәлелді медицинадағы алтын стандарт» атты вебинарға шақырамыз!
2026 жылғы 26 наурыз, бейсенбі, сағат 16:00.
Вебинарда Cochrane Russia директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медициналық үздіксіз кәсіби білім беру академияларының білім беру қызметін әдіснамалық қолдау департаментінің Дәлелді медициналық білімді аудару орталығының жетекші үйлестірушісі, Патрис Лумумба атындағы Ресей Халықтар достығы университеті мен Қазан мемлекеттік медицина университетінің профессоры Лилия Евгеньевна Зиганшина қатысады. Ол Cochrane халықаралық ұйымының қызметі және Cochrane жүйелі шолуларының дәлелді медицинадағы алтын стандарт болып саналатыны және зерттеушілер мен денсаулық сақтау мамандары үшін маңызды екендігі туралы талқылайды.
Іс-шара тілі: орыс тілі
Ұзақтығы: 1 сағат.
Барлық қатысушыларға сертификат және вебинар жазбасы беріледі.
Сіздің ыңғайлылы болуы үшін біз тіркеу сілтемесінің көшірмесін ұсынамыз (26 наурыз, сағат 16:00): https://register.gotowebinar.com/register/6607599143826889558
Cochrane кітапханасы – дәлелді медицинадағы жоғары сапалы, тәуелсіз және нақты деректерді қамтитын дерекқорлар жинағы. Жинақ тәжірибелі дәрігерлерге, медициналық қызметкерлерге және денсаулық сақтау мамандарына арналған және оларға клиникалық сынақтар, Cochrane шолулары, Cochrane емес жүйелі шолулар, әдіснамалық зерттеулер және белгілі бір тақырып немесе ауру бойынша технологиялық және экономикалық бағалаулар туралы ақпарат табуға мүмкіндік береді.
Ғылыми кітапхана оқырмандарына ҚазҰМУ Cochrane кітапханасына www.cochranelibrary.com сайтында қол жеткізуді қамтамасыз ететінін еске салады.
ҚазҰМУ кампусындағы желіден кіру логин немесе құпиясөзсіз. Қашықтан кіру үшін логин мен құпия сөзді [email protected] мекенжайынан алуға болады.
























































































