Публицист, саясаттанушы Бақытжан Бұқарбаймен кездесу кеші

2025 жылғы 3 желтоқсанда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың                 7-корпусы, 9-аудиториясында Қазақстандағы №1 баспагер, Forbes Kazakhstan журналының тұңғыш бас редакторы, AMALBOOKS баспасының негізін қалаушы, публицист, саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыбы — «Кітападамзаттың асыл қазынасы, ақыл-ойдың жемісі» болды.

Іс-шара еркін пікір алмасу түрінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар кітап оқудың қоғамдағы рөлі, адамның дамуы мен білім алуындағы маңызы кеңінен талқыланды. Бақытжан Бұқарбай баспа саласындағы қызметі мен жүзеге асырып жатқан жұмыстары туралы айтып, әлем әдебиеті мен түрлі саладағы еңбектердің қазақ тіліне аударылып, жас оқырмандарға жол тартып жатқанын атап өтті. Кездесу студенттер үшін өте пайдалы болды.

Ғылыми кітапхананың ақпараттық-әдістемелік бөлімі «Кітапғажайып әлем» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеде Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовтің «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Менің атым Қожа», «Қан мен тер» шығармалары, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі басқа да кітаптар, соның ішінде шет тілдерінен орыс тіліне аударылған басылымдар ұсынылды.

Ақпараттық-әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Салтанат Ахмедуллақызы студенттерге ғылыми кітапхана туралы ақпарат берді.

Белсенді қатысқан студенттерге және ғылыми кітапханаға Бақытжан Бұқарбай өзі қазақ тіліне аударған «Марк Аврелий. Өзіңмен әңгіме» кітабын сыйға тартты.

Ұйымдастырушылар: Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы.

Кездесу соңында естелік суретке түсілді.

 

Ғылыми кітапхананың
ақпараттық-әдістемілік бөлім