2026 жылдың 28 қантар күні Ғылыми кітапханада, ғылыми оқу залында,
«Мұқағали– ұлт ақыны», тақырыбында ұлы қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды.
«Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?»
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев — халықтың жүрек үнін жырға қосқан, сөз құдіреті арқылы ұлттың рухын асқақтатқан ақын. Оның поэзиясы — туған жерге деген шексіз махаббат, адам жанының терең сырлары мен өмір философиясының көркем көрінісі. Ақын жырлары уақытпен үндесіп, ұрпақтан-ұрпаққа рухани мұра болып жалғасып келеді.
Көрменің мақсаты — студенттерді Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасымен таныстыру, поэзия әлемінің көркемдік тереңдігін сезіндіру, ұлттық құндылықтарға, туған елге деген сүйіспеншілік пен рухани тәрбие қалыптастыру.
Кітап көрмесінде ақынның поэтикалық жинақтары, таңдаулы шығармалары, өмір жолы мен шығармашылық әлемін танытатын ғылыми-танымдық еңбектер ұсынылды.
📚 Барша студенттер мен оқытушыларды рухани әлемге саяхат жасап, кітап көрмесіне қатысуға шақырамыз!
Ғылыми кітапхана
Ақпараттық-әдістемелік бөлім






























































































