31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 2025 жылдың 26 мамыр күні Ғылыми кітапхананың оқу залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Мәңгілік тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: студенттердің патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Туған өлкесінің тарихына деген сүйіспеншілігін ояту. Олардың өмір жолдарымен тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан бүгінгі ұрпаққа кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, елінің, жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.

Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Сондықтан 1920-1950жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіруге ұмтылу. Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда ҚР Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

Көрмеде кітапхананың қорындағы жаппай жазалаудың сол бір қиын-қыстау жылдарындағы зерттеулерде тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы материалдар, саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдырын баяндайтын фотосуреттер, құжаттар, кітаптар ұсынылған.

Кітап көрмесін көруге шақырамыз!

Ғылыми кітапхана
Анықтама-библиографиялық бөлім