Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған көрме өтті

2025 жылдың 23 желтоқсанда С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің Ғылыми кітапханасының №330 оқу залында қазақ халқының ұлы перзенті, Ұлы Отан соғысының қаһарманы, әскери стратег, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран » атты көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде Бауыржан Момышұлының өмір баяны, батырдың өмірі мен ерлігіне арналған  фото-суреттері, қаһармандық ерлігі туралы жазылған көркем туындылар мен Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи кітаптар қойылған.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран. Бауыржан Момышұлы көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған адам.

Қазақ халқында батыр да, қаламгер де көп, бірақ Бауыржан Момышұлының бірегей тұлғасы батырлығымен, қолбасшылық талантымен ғана емес, соғыс тақырыбына жазылған қазақ әдебиетінің негізін қалауымен де даралана түседі.
Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының ерлік даңқы таусылмайтын шежіре.

Бауыржан Момышұлының мұрасы – әскери тәрбие, патриоттық сана және ұлттық бірлік бағытында маңызды құндылық болып қала береді. Оның еңбектері қазіргі жастар үшін отансүйгіштіктің үлгісі ретінде бағаланады.

Майдан даласында шебер қолбасшы, стратег және тактик болған Бауыржан Момышұлы өз көзімен көрген қан майдан оқиғаларын ақ қағаз бетіне түсіріп, көптеген мемуарлық еңбек жазған жазушы. Оның қаламынан шыққан 30 томнан асатын еңбектері жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Бұл көрме жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталған маңызы зор мәдени-ағартушылық бастама болды.

Көрменің мақсаты: Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмір жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген. Патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттерін насихаттау арқылы жастардың рухын көтеру, патриоттық сезімдерін ояту, елін қорғауға, туған жерін сүюге деген сенімін нығайту.

Ғылыми кітапхананың
анықтамалық-библиографиялық бөлімі