📚 2026 жылдың 9 сәуірінде Ғылыми кітапхана фойесінде Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына арналған «Күш атасы – Қажымұқан» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде даңқты балуанның өмір жолы, спорттық жетістіктері мен халықаралық аренадағы жеңістері туралы әдебиеттер, фотосуреттер және тарихи естеліктер ұсынылды.
Бұл шара – қазақтың тұңғыш кәсіби балуанының мұрасын дәріптеп, жас ұрпаққа үлгі етуге бағытталған маңызды бастама.
📚 Көрме мазмұнында:
▪️ Өмірбаяны мен спортқа келу жолы
▪️ Әлем чемпионы ретіндегі жетістіктері
▪️ Зерттеу еңбектері мен естеліктер
Ұлы тұлғаның өнегелі өмірі – ұрпаққа мұра!
Ғылыми кітапхана
Ақпараттық-әдістемілік бөлімі



























































































































































