2026 жылғы 2 сәуір күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Ғылыми кітапханасында «Ұлт мақтанышы – Санжар Асфендияров» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Іс-шара барысында Санжар Асфендияровтың өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған қысқаша деректі бейнеролик көрсетіліп, студенттердің баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар студенттер өздері шығарған өлеңдерін оқып, ән орындап, кештің көркемдік мазмұнын арттырды.
Кеш аясында Тілдік пәндер кафедрасының ф.ғ.к., қауымдастырылған профессоры М.А. Зайсанбаев (Төлеубек Қизатұлы) Абай Құнанбайұлының бір өлеңін домбырамен орындап, келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады.
Іс-шараның қорытынды сөзін қонақ ретінде шақырылған ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Төлегенов Талғат Құрмашұлы сөйлеп, кештің маңыздылығына тоқталды.
Кеш аясында Ақпараттық-әдістемелік бөлімі арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеге қойылған құнды жәдігерлер мен мәліметтер:
- Ғылыми еңбектер: С.Ж. Асфендияровтың тарих және медицина саласындағы іргелі зерттеулері.
- Фотошежіре: Тұлғаның өмірі мен қызметінен сыр шертетін сирек фотосуреттер.
- Отбасылық құндылықтар: Алаштың аяулы қызы, білікті дәрігер Үммі-Гүлсім Асфендиярова туралы маңызды деректер.
Ұйымдастырушылар: Тілдік пәндер кафедрасы мен Ғылыми кітапханасы.
Ғылыми кітапхана
Ақпараттық-әдістемелік бөлім










































































































































































