Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Жаңалықтар!

2023 жылдың 8 қараша айында Ғылыми кітапхана мен Инженерлік пәндер кафедрасының лекторы Омаркулова Н.С. мен бірлесіп ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық: мәселелері мен келешегі» тақырыбында академиялық адалдықты қолдауға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы  комплаенс офицер Әнуар Ә.Ә. мен мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – академиялық адалдықты дамыту үшін озық тәжірибелерді талқылау, академиялық адалдықты дамытуды зерттеудегі әдістерімен бөлісу және принциптерін нығайту сонымен қатар офицердің тәжірибесі негізінде академиялық адалдықты зерттеудің әдістері, оқу жүйесіндегі академиялық тұтастықтың принциптерін дәрісте кенінен студенттермен талқыланды.

Ғылыми кітапхана осы іс-шараға байланысты «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты көрме ұйымдастырылды.