Сыбайлас жемқорлық – қоғам кеселі

Кітапханадағы ақпарат сағаты

2023 жылдың 9 қараша күні  Ортопедиялық стоматология кафедрасы  Ғылыми кітапхананың  бірлесіп ұйымдастыруымен   «Коррупция в медицине» тақырыбында ақпарат сағаты  өткізілді.

Шара барысында Ортопедиялық стоматология кафедрасының  3,4 курс СТ21-032р және СТ20-004к топтар  білім алушылары арасында «Коррупция в медицине» тақырыбында студенттер өздерінің дайындаған презентацияларымен, бейнероликтері көрсетілді.

Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында университетте тұрақты түрде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді.

«Таза сессия» штабы  студенттер арасында жемқорлық туралы  жүргізілген тест сауалнама  нәтежесін айтып өтті.

Бұл өткізіліп отырған ақпарат сағатының негізгі мақсаты жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Ғылыми кітапхананың ақпараттық библиографиялық бөлімінің меңгерушісі С.А. Елеукенова шараға «Сыбайлас жемқорлық – қоғам кеселі» атты кітап көрмесін  ұйымдастырып, көрмеге библиографиялық шолу жасады.