Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Жаңалықтар!

2022 жылдың 15-ші желтоқсан күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ академик Төрегелді  Шарманов  атындағы даңқ залында қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ұйымдастырумен «Тәуелсіздік деп соғады
жүрегіміз», тақырыбында  іс-шара өткізілді. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің 1-3 курс студенттері 1986 жылы болып жатқан іс-шаралар туралы шағын спектакль көрсетті. Сол жылдардағы оқиғалар желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтауға, Тәуелсіздіктің басталуы елге, жерге және ұлтқа деген патриотизм сезімін тудырған желтоқсанның басты оқиғасы екенін түсіндіруге арналған. Іс-шарада желтоқсандағы оқиғаның арқасында біз көптеген жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік және осы тәуелсіздікке жету жолында көптеген отандастарымыз жалған айыппен азапталғаны айтылды. Ғылыми кітапхана «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында көрме ұйымдастырды, онда Желтоқсан оқиғасы, өмір тарихы, картиналар, жастардың подіктері туралы материалдар ұсынылды.