24 қазан 2025 жылы Х. Досмұхамедов атындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» мектебі ерекше әсер қалдырған патриоттық мерекелік іс-шара өткізді.
Бұл күн – елімізге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін жүректерге ұялатқан нағыз рухани мереке болды.
Биыл Қазақстан Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның 35 жылдығын атап өтуде. Бұл — қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу үдерісінің бастау алған тарихи-құқықтық құжаты.
Декларацияда алғаш рет республиканың ішкі және сыртқы саясатын дербес айқындау, өз аумағындағы ұлттық байлыққа иелік ету, сондай-ақ мемлекеттік билік пен заң шығару жүйесін дербес қалыптастыру құқығы ресми түрде бекітілді.
Шара аясында ғылыми кітапхана ұжымынан ақпаратты – әдістемелік бөлімі қатысушыларға арнап мазмұнды әрі көркем көрмесін ұйымдастырды.Көрмеде Қазақстанның тарихы мен тәуелсіздікке жету жолы, ел дамуына зор үлес қосқан ұлы тұлғалар жайлы құнды еңбектер мен тарихи деректер көпшілік назарына ұсынылды.
Мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік рухты күшейтіп, туған елдің өткені мен бүгініне деген құрметті арттыру!
Кітап көрмесі келген қонақтарға терең ой салып, туған жер мен ел тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттырды.Әрбір кітап парақтары – халқымыздың жүріп өткен даңқты жолының айғағы, елді сүюдің, тарихты танудың кілті!
Мұндай шаралар жастардың бойында отансүйгіштік рухты күшейтіп, елінің өткені мен бүгініне деген мақтанышын оятады.
Өйткені біз – Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз!
Көк туымыз мәңгі желбіреп, еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
Ғылыми кітапхана
ақпараттық-әдістемілік бөлім


































































