ҚазҰМУ-де «Aknurpress» цифрлық кітапханасына қолжетімділік ашылғанын хабарлаймыз.
Қолжетімділік іске қосылған және 2026 жылдың соңына дейін жарамды.
«Aknurpress» цифрлық кітапханасы (aknurpress.kz) — отандық цифрлық оқулықтар мен оқу құралдарының кең базасына онлайн қолжетімділікті қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалық өнім. Платформа техникалық қолдаумен және call-орталықпен жабдықталған.
Кітапхана қорында әртүрлі оқу пәндеріне сәйкес келетін 2027-ден астам оқулық пен оқу құралы бар. Басылымдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Қор күн сайын жаңартылып, жаңа басылымдармен толықтырылып отырады, сондай-ақ әртүрлі пәндер бойынша отандық ғылыми мақалаларды қамтиды.
Цифрлық кітапхана кез келген құрылғыдан шектеусіз қолжетімділікті ұсынады.
🔗 Сайт: aknurpress.kz
🔑 Қашықтан тіркелуге арналған промо-кодты [email protected] электрондық поштасына хабарласу арқылы алуға болады.
Цифрлық кітапхананың мүмкіндіктерін оқу және ғылыми қызметте белсенді пайдалануға шақырамыз.






























































