Хабарландыру!

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым, публицист Халел Досмұхамедұлы ғалымның мұрасын насихаттау арқылы жастардың ғылымға қызығушылығын қалыптастыру мақсатында «Ұлт ғалымы – Халел Досмұхамедұлы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Халел Досмұхамедовтың қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген таңдамалы еңбектерін оқырмандар назарына ұсынды. «Әділгереев Халел. Өнегелі өмір», «Досмұхамедұлы Халел» және газетке, журналға шыққан мақалаларын көре аласыздар. Алаш қайраткерінің өмірі мен қызметі туралы, қазақ ғылымына сіңірген ұшан-теңіз еңбегі жайында мол мағлұмат берілген.

Көрмені Ғылыми кітапхананың екінші қабатындағы оқу залынан көре аласыздар.  30.04.2024ж.