Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай «Ілияс Жансүгіров /1894-1938/» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты – қазақ ақыны, драматург, орыс және шетел жазушылары мен ақындарының аудармашысы Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын кеңінен насихаттау. Ғылыми кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап, газет, журналдар көрмесінде Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, өлеңдерін көрмеден көре аласыздар.

Көрмені Ғылыми кітапхананың екінші қабатындағы оқу залынан көре аласыздар.  02.05.2024ж.