9 мамыр – Жеңіс күні

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің Ғылыми кітапханада 9 мамыр Жеңіс күніне арналып ата-бабаларымыздың ерен ерліктерін мәңгі есте сақтап, рухани тағзым ету мақсатында «Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімдерін ұлықтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарауға үйрету.

Кітап көрмесіне сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырларының ерліктерінен сыр шертетін кітапхана қорындағы тарихи, көркем әдеби кітаптар, газет, журналдарды көрмеден көре аласыздар.

Көрмені Ғылыми кітапхананың екінші қабатындағы оқу залынан көре аласыздар.

                                                                                 06.05.2024ж.

Поисковые слова: