С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де әлемдегі ең үлкен дәлелді медицина базасы- Кокрейн кітапханасына жазылу жүріп жатыр. Кокрейн кітапханасы: дәрігерлер мен зерттеушілерге қажетті мәліметтер базасы.

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де  әлемдегі ең үлкен дәлелді медицина базасы- Кокрейн кітапханасына жазылу жүріп жатыр. Кокрейн кітапханасы: дәрігерлер мен зерттеушілерге қажетті мәліметтер базасы.

Ғылыми кітапхана сіздерді 2021-жылдың 11-қаңтарында сағ.1500    (Алматы уақыты) болатын  Кокрейн кітапханасы жайлы вебинарға шақырады.

Вебинарда Ресейдің Кокрейн Орталығының директоры Cochrane Collabration халықаралық ұйымының қызметі жайлы, сонымен қатар  неліктен Кокрейн жүйелік шолулары дәлелді  медицинаның алтын стандарты  саналатынын айтып өтеді.  Cochrane Library жариялайтын Wiley  баспасының өкілі COVID-19 пандемиясы басында ДДҰ Кокрейн ұйымына  қандай сұранымдар болғанын және неліктен бұл ресурс зерттеушілер үшін ғана емес, сонымен қатар тәжірибелік дәрігерлер ушін де маңызды екенін айтады.

Вебинарға қатысушылар ғылыми базаның мазмұнымен танысады – Кокрейн жүйелік шолулары мен клиникалық жауаптар; орыс  тіліндегі мазмұнды қалай іздеу  керек екенін,  сонымен қатар платформамен жұмыс істеудің практикалық көрсетілімін көреді және кілт сөздер мен MeSH терминологиясын қолдана отырып , қажетті тақырып бойынша ақпарат іздеуді үйренеді.

Спикерлер:

Ресей Кокрейн Орталығының директоры  профессор, м.ғ.д. Зиганшина  Лилия Евгеньевна.

Наталия Калицева – Ресей және ТМД елдерінің Wiley тұтынушыларымен жұмыс  жасаушы менеджері.

 

Вебинарға қатысушылардың барлығына сертификат беріледі.

Ұзақтығы: 1 сағат.

Вебинарға қосылу үшін төмендегі сілтемені пайдаланамыз: Join live  event

Назар аударыңыздар, MS Teams тіркемесін қондырудың қажеті жоқ:

Cancel   батырмасын басамыз,

Содан кейін Watch on the web instead батырмасын басып,

Ашылған терезеде  Join anonymously тіркемесін басасыз.

 

YouTube каналымызда вебинарға қалай қосылуға болатыны жайлы  қысқа бейне-нұсқаулық бар:

https://www.youtube.com/watch?v=eT3fdnEgMA

 

Поисковые слова: