9 мамыр Ұлы Жеңіс Күніне орай «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбында 4 мамыр күні Ғылыми кітапханада көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Совет Одағының батыры Панфиловшы Бауыржан Момышұлының өмірбаяны мен еңбектері, Әлия мен Мәншүктің суреттері, олардың ерліктері жайында жазылған мақалалар қойылды. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында от кешкен қазақ жауынгерлерінің ерлік істері туралы баяндайтын «Қазақстан тарихы» оқулықтары, Жеңістің 50 жылдығына арналған «Жеңіс жыры» әдеби оқулығы, М. Бимағанбетовтің «Жауынгер жолы», Ә. Бектемісовтің «Майдангер көзімен», К. Тоқаевтің «Көмескі із» атты еңбектері және Жеңіс күніне арналған фотосуреттер мен ақпараттық – әдеби басылымдарда жарияланған материалдар көрмеден орын алды.

Ғылыми кітапхананың ақпараттық-библиография бөлімі