Тіл тағдыры – ел тағдыры

2026 жылдың 22 қыркүйегінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 2-қабатында орналасқан  оқу залында 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға Қазақстандағы тілдердің сан алуандығы, олардың тарихы мен мәдени маңызы туралы танымдық мағлұмат беру, сондай-ақ студенттерді ана тілін құрметтеуге, өзге тілдерге деген сыйластыққа және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрмеде қазақ тілінің тарихы мен дамуына, тіл мәдениетіне, қазақ әдебиетіне, сондай-ақ еліміздегі тіл саясаты мен Қазақстан халқының тілдік және мәдени мұрасына арналған әдебиеттер ұсынылды. Көрме оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, мемлекеттік тілді насихаттауға, тіл мәдениетін қалыптастыруға және Қазақстандағы тілдердің мәдени құндылығын кеңінен танытуға бағытталды.

Кітап көрмесінде ақынның поэтикалық жинақтары, таңдаулы шығармалары, өмір жолы мен шығармашылық мұрасын танытатын ғылыми-танымдық еңбектер ұсынылды.

📚 Барша студенттер мен оқытушыларды рухани әлемге саяхат жасап, кітап көрмесіне қатысуға шақырамыз!

 

Ғылыми кітапхананың
Ақпараттық-әдістемелік бөлімі