31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі

       Жаңалықтар!

2024 жылдың 28 мамырда С.Ж. Асфендияров атындағы КазҰМУ-нің Ғылыми кітапханасында саяси қу­ғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты кітап көрмесі өтті.

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұтқындардың тағдырын трагедияға айналдырған қасіретті   жылдар кезеңінде қазақ халқы да қасаң да қатаң мемлекеттік саясатының құрбанына айналды.Миллиондаған алаш азаматтары мен ұлт интелегенциялары репрессияға ұшырады.

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.

Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.

Көрмеде қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының естеліктерінен жинақталған кітаптар, олардың ақталуы туралы деректі материалдар берілген. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қазақ халқының өткенін ой елегінен өткізіп, тарихымыз бен тәуелсіздігімізді  бағалауға үндейді.

Кітап көрме саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, жастардың санасына, келешек ұрпаққа дәуірдің қайшылықты болмысын жеткізу, қиыншылыққа ұшыраған адамдардың рухани төзімділікпен ертеңгі күнге деген  сенімділігін ұғындыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ғылыми кітапхана

    Анықтама-библиографиялық бөлім

Поисковые слова: