Неонатология кафедрасы күні

Жаңалықтар!

2024 жылдың 21 қараша айында  Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі Неонатология кафедрасына «Кафедра күнін» өткізді.

Іс-шараның мақсаты: оқу жөнінде ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын  ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету.

«Кафедра күнінде» талқыланған мәселелер:

  • Ақпараттық қызмет көрсету.
  • Кафедраның пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалануды талдау.
  • Кафедраның пәндерін  кітаппен қамтамасыз ету.

https://lib.kaznmu.edu.kz сайт арқылы көптеген мәлеметтермен таныса аласыздар.

KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электрондық каталогынан және электронды мәліметтер қорынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді.

Неонатология кафедрасы бойынша пәндерінің оқулықтар тізімі берілді.

Бұндай іс-шаралар білім беру қызметін жақсарту үшін және Ғылыми кітапхана мен университеттің құрылымдық бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге мүмкіндігін туғызады.

Мұғалімдерге, студенттерге қолжетімді болуы үшін шектеулі басылымдарды цифрландыру ұсынылды.

Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.

                                                                                          Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиография бөлімі