2022 жылдың 21 – сәуірде С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің
N2 оқу ғимаратында орналасқан ғылыми, кітапхананың N330 – кабинетінде ортопедиялық стоматология кафедрасы үшін «Кафедра күні» ақпараттық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқу үрдісінің ақпараттық-кітапханалық сапасын арттыру, университет кафедраларының оқытушыларын қолда бар ақпараттық ресурстар мен қызметтер туралы хабардар ету, сонымен қатар кітапхананың профессорлық-оқытушылар құрамымен өзара қарым-қатынасын нығайту.
«Кафедра күнінде» талқыланған негізгі мәселелер:
• Ақпараттық қызметтер және толық мәтінді мәліметтер базасын толықтыру.
• Кафедраның пәндері бойынша оқу әдебиеттерін пайдалануды талдау.
• Талаптарға сәйкес кафедра пәндерін кітаппен қамтамасыз ету.
• Ортопедиялық стоматология кафедрасының оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі.
KABIS және SIRIUS бағдарламаларының электрондық каталогынан және электронды мәліметтер қорынан әдебиеттерді іздеу мүмкіндіктері көрсетілді.
Оқытушылар студенттерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін саны аз басылымдарды цифрлауды ұсынды.
Ортопедиялық стоматология кафедрасының ПОҚ өз пәндері бойынша жұмыс істеу үшін оқу әдебиеттерін пайдалануды белсенді талқылады.
«Кафедра күнін» өткізу Кітапханаға білім беру бағдарламаларына сәйкес қорды қалыптастыруға, мазмұны ескірген әдебиеттерді есептен шығаруға, аз пайдаланылатын әдебиеттермен жұмысты жақсартуға, оқырмандардың кітапхана ресурстары мен қызметтеріне деген қызығушылығын арттыруға, ЖОО міндеттеріне сәйкес анықтамалық-ақпараттық жұмысты үнемі түзетуге мүмкіндік береді.
Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі