Жаңалықтар!

2022 жылдың 19 сәуір айында Ғылыми кітапханада «Терапиялық стоматология» кафедрасының күніне орай кешенді ақпараттық іс-шара өткізілді.
Кафедра күнін өткізудегі мақсат – білім беру және ғылыми үдерістерге көмек ретінде кітапханадағы ақпараттық ресурстар туралы оқытушыларды хабардар ету. Электронды каталог, мәліметтер базасы және электронды кітапхананың іздеу мүмкіндіктері көрсетілді. Кітапхана кафедра бойынша жаңа әдебиеттермен таныстырды, пәндерді кітаппен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кафедраның қызметкерлерін ақпаратпен алмасу және кітапхана мен кафедралардың өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында осындай кездесулерді өткізу қажеттілігін атап өтті.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, № 2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.

Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі