2022 жылдың 18 ақпанында «Рухани Жаңғыру – ұлт болашағы, ел мәртебесі» бағдарламасы аясында Жастар саясаты бөлімі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мен, Ғылыми кітапхана ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараны алғы сөзбен университетіміздің корпоративтік даму жөніндегі проректоры Датхаев Убайдилла Махамбетұлы ашып берді.
Кездесуге келген қонақтар мен баяндамашылар:
Құранбек Әсет Абайұлы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Философия» кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты;
Рыскиева Айымжан Абуовна – Тұран университеті «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының қауымдастырылған профессор, философия ғылымдарының кандидаты.
Сондай-ақ Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, Нағайбаева Зәуреш Арстамбекқызы қонақтарға алғыс білдіріп, жастарға үлгі алуға шақырды.
Қонақтар «Жаңа гуманитарлық білім – «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»» жобасының мемлекеттік маңызы туралы айтты. Қазақ тіліне аударылған дүниежүзілік философия шығармаларының жазылу тарихы, авторлар қолданып отырған әдістеменің ерекшеліктері, сондай-ақ аударманың мәдениетаралық диалогқа әсері, ұлттық тілдің сөздік қорын ғылыми терминдермен толықтыру туралы өз ойларын ортаға салды.
ҚазҰМУ оқытушылары мен студенттері қатысты.
Студенттер өз ойларын ортаға салып, келген қонақтарға сұрақтарын қойып, студенттер де домбырамен «Көңілашар» күйін орындап, «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Қорытынды сөз кезегін Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы Жармағанбет Рымкеш Уахитқызы жүргізді.
Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиография бөлімі