Жаңалықтар!

2022 жылдың 17 ақпан айында Ғылыми кітапханада «Анатомия» кафедрасының күніне орай кешенді ақпараттық іс-шара өткізілді.
Кафедра күнін өткізудегі мақсат – білім беру және ғылыми үдерістерге көмек ретінде кітапханадағы ақпараттық ресурстар туралы оқытушыларды хабардар ету. Электронды каталог, мәліметтер базасы және электронды кітапхананың іздеу мүмкіндіктері көрсетілді. Кітапхана кафедра бойынша жаңа әдебиеттермен таныстырды, пәндерді кітаппен қамтамасыз ету мәселелері таныстырылды. Кітапхана қорында бар кафедра пәндері бойынша ескірген әдебиеттерді есептен шығару мәселесі талқыланды.
Кафедраның қызметкерлерін ақпаратпен алмасу және кітапхана мен кафедралардың өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатында осындай кездесулерді өткізу қажеттілігін атап өтті.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.

Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиография бөлімі