2022 жылдың наурыз айының 3-4 күндері Ғылыми кітапхананың анықтама-библиография бөлімі Пульмонология кафедрасына «Кафедра күнін» өткізді.
Оқытушылар үшін кафедраның пәндері бойынша жаңа оқу, оқу және әдістемелік әдебиеттердің көрмесі ұйымдастырылды.
Олардың ішінде ең көп сұранысқа ие болған «Қасенова, С.Л. Ішкі аурулар.- Алматы, 2009», «Lagoon, M.A. The course of faculty (analytical) surgery», «Ішкі аурулар «Пульмонология» модулі = Внутренние болезни «Пульмонология» модуль: қазақ және орыс тіліндегі оқулықтар. /А.М.Жусупова т.б.», «Тыныс алу жүйесінің модулі = модуль «Дыхательная система»: Интеграцияланған оқулық, Интегрированный учебник», «Пульмонология. /Под ред. Николаса А. и др. (Внутренние болезни по Дэвидсону)» және т.б. сол сияқты оқулықтар мен оқу құралдары болды.
Оқытушылар «Sirius» және электронды ресурстардан әдебиеттерді іздеп, пайдалануды танысты.
Қажетті оқулықтарды электронды нұсқасын жасауға тапсырыс берді.
Пульмонология кафедрасы бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді.
Бұндай іс-шаралар білім беру қызметін жақсарту үшін және Ғылыми кітапхана мен университеттің құрылымдық бөлімшелермен тығыз байланыста жұмыс істеуге мүмкіндігін туғызады.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.
Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиография бөлімі