Жаңалықтар!

Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, академик Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай Ғылыми кітапхана кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге Ғабит Мүсіреповтің суреттері, әдебиеттері, газетке және журналға шыққан мақалалары қойылды. Олардың ішінде айтып өтетін болсақ: Мүсірепов, Ғ. «Бес томдық шығармалар жинағы». 1-том: Повестер мен Әңгімелер, Жұмабеков, С. «Ғабит Мүсірепов», Мүсірепов, Ғ. «Қазақ солдаты», Ордагалиева, Ж. «Созвучие Габит Мусрепов и музыка» және тағы да басқа кітаптар қойылды.

Құрметті студенттер мен оқырмандар!

Таңдап талғап кітап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайды. Шекспир айтып кеткендей «Кітап маған тақтан да қымбат» – деп сол сияқты сіздерде әр кітапты өз тағыныздай көріп, сүйсініп оқуға шақырамыз!
Кітап көрмесін кітапхананың 2-ші қабаттағы оқу залынан көре аласыздар.

Ғылыми кітапхананың
анықтама-библиография бөлімі.