Жаңалықтар!

2022 жылдың 14 наурыз айында Ғылыми кітапханада Аллергология кафедра күні өткізілді. Кафедра күнінің мақсаты, кафедралар мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту.
Кафедра оқытушылары университет кітапханасына келіп түскен жаңа әдебиеттермен танысты. Кітапхана сайтында ұсынылған Ғылыми кітапхананың жаңа ақпараттық ресурстарға қолжетімділік және Sirius, КАБИС, виртуалды кітап көрмесі, медициналық журналдардың виртуалды көрмесімен танысты.
Қажетті оқулықтарды электронды нұсқада жасауға тапсырыс берді.
Аллергология кафедрасы бойынша пәндерінің әдебиеттер тізімі берілді.
Іс-шара барысында кітапхана мен кафедра арасындағы қарым-қатынас мәселелері, кітапхана қорындағы оқулықтарды, баспа басылымдарын, электронды оқулықтарды таныстыру, кафедраларды кітаппен қамтамасыз ету тақырыбы талқыланды.
Кафедра күні Ғылыми кітапханада, №2 оқу ғимараты, № 330 кабинетте өтті.

Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиография бөлімі