Құрметті  ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында атап өтілетін «Мұғалімдер күнімен»  шын жүректен  құттықтаймыз!

Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті  жерге екпеген, елге еккендер,
Адамзат ұрпақтарын  тәрбиелеп,
Зердесін  болашақтың  зерлі  еткендер.
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз!
Кітапхана фойесінде   (3 — қабат) мұғалімдер күніне орай
«Ұстаздық еткен жалықпас…» тақырыбымен көрме ұйымдастырылды.
 Кітапхана ұжымы

 

Назар аударыңыз!

Кітапхананың 2 — қабаттағы оқу залында қарттар күніне арналған «Қарттарым — асыл қазынам» атты кітап көрмелесі ұйымдастырылды.

                                                                     Анықтама – библиография бөлімі