Жаңалықтар!

2023 жылдың 27 қазан айында Ғылыми кітапхананың оқу залында №318 кафедра инженерлик пәндер және тиісті практикалар кафедрасы екінші курс студентер арасында «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Қазіргі біздің қоғамдағы  өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі  шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.

Ғылыми кітапхана осы іс-шараға байланысты «Сыбайлас жемқорлық қоғам кеселі» атты көрме ұйымдастырылды.