«Экология және біз»

2025 жылдың 16 қазан күні С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы мен ҚазҰМУ ғылыми кітапханасының қызметкерлері бірлесіп, «Экология және біз» атты экологиялық-ағартушылық бағыттағы ақпараттық кездесу ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты қорғау мәселелеріне назар аударту және қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері туралы түсініктерін тереңдету болды.

Кездесу барысында ауа ластануы, экожүйелердің бұзылуы, климаттың өзгеруі мен урбанизацияның экологиялық салдары сияқты өзекті тақырыптар талқыланды.

Қатысушылар экологиялық дағдарыстардың алдын алу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру жолдарын ортаға салды.

Іс-шарада қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің 3-курс студенттері өздерінің шығармашылық жобалары мен ғылыми баяндамаларын ұсынды.
Сонымен қатар, ҚазҰМУ ғылыми кітапхананың ақпараттық-әдістемелік бөлімі тарапынан «Экология және біз» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушылар назарына экологияға, қоршаған ортаны қорғауға және тұрақты даму мәселелеріне арналған әдебиеттер ұсынылды.

Кездесу соңында белсенді қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Іс-шара естелік суретке түсу сәтімен қорытындыланды.
🔹 Экологиялық тәрбие – болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын арттырудың кепілі.🔹Табиғатты қорғау – әр азаматтың азаматтық борышы.
🔹 Таза қоршаған орта – дені сау қоғамның негізі.