2026 жылдың 17 ақпанында С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми кітапханасының №418 оқу залында (4-қабат) қазақ әдебиетінің классигі, көркем прозаның асқар шыңы, жазушы-драматург және әдебиет зерттеушісі Мұхтар Омарханұлы Әуезовке арналған «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мазмұны: Экспозицияға Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолынан сыр шертетін құнды материалдар, жазушының төл еңбектері, ғылыми мақалалары мен ол туралы жазылған естеліктер қойылған. Көрермендер назарына әлем әдебиетінің жауһары – «Абай жолы» роман-эпопеясы, автордың қолтаңбасы бар сирек басылымдар және басқа да іргелі шығармалары ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты:
- Ұлы жазушының бай мұрасын оқырмандарға кеңінен таныстыру;
- Ұлттық әдебиетіміздің асыл қазынасын насихаттау;
- Жас ұрпақты рухани құндылықтарды құрметтеуге және отансүйгіштікке баулу.
Көрмеге әдебиетсүйер қауымды ұлы тұлғаның шығармашылық әлеміне терең бойлап, рухани азық алуға шақырамыз.
Ғылыми кітапхана
Ақпараттық-әдістемілік бөлімі

























































































