2026 жылдың 7 тамыз – Абай күніне орай С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Білім алушыларды дамыту және қолдау департаменті мен Ғылыми кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты танымдық-көрме іс-шара өтті.
Іс-шара аясында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» Ақпараттық-әдістемелік бөлімі кітап көрмесін ұйымдастырды. Ғылыми кітапхана басшысының орынбасары Қыдыралинова Аяжан Нұртайқызы көрмені және ұсынылған әдебиеттер туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық бейнеролик көрсетіліп, білім алушылар арасында «Абай әлемі» атты зияткерлік викторина ұйымдастырылды. Қатысушылар ақынның өмірі, шығармашылығы, өлеңдері, қара сөздері мен философиялық ойлары бойынша білімдерін сынады.
Филология ғылымдарының кандидаты, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Тілдік пәндер кафедрасының профессор міндетін атқарушы Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы Абайдың шығармашылық мұрасы мен қазақ руханиятындағы орны туралы ой бөлісіп, ұлы ақынның өлеңін домбырамен орындады.
Сондай-ақ Жазықбаев Мұхит Тұрсынбекұлы Абай шығармашылығы туралы өз пікірін білдіріп, ақынның өлеңін домбырамен орындап, іс-шараның мазмұнын ұлттық өнермен сабақтастыра түсті.
Таным мен өнер тоғысқан тағылымды шара барысында Абайдың білім мен ғылымға, еңбекке, адамгершілікке үндейтін асыл мұрасы кеңінен дәріптелді.
Абай сөзі – ұрпаққа аманат,
Абай мұрасы – мәңгілік қазына!














































































































































































































