«2 ГИС» және «Дәрмен» бағдарламалары туралы мәліметтер

2023 жылдың 7-наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары бойынша ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің мақсаты мен орналасқан жерлері (оның ішінде 2 ГИС қосымшасы арқылы) және «Дармен» мобильдік қосымшасының жұмыс принципі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту кезеңінде Мобильді қосымшаларды пайдалану төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша халықты жедел ақпараттандыру үшін өзекті болып табылады. 2 ГИС қосымшасында арқылы әрбір ұйымның мекен-жайы, телефоны, жұмыс уақыты, интернеттегі мекен-жайы, ғимаратқа кіретін тұсы белгіленеді. Одан бөлек, компанияның  арнайы «визиткасында» көрсетілетін қызметтер түрі мен төлем жасау әдістері және тағы басқа функциялар бар. Байланыс орталығының мамандары анықтамалықтағы ақпаратты жылына төрт рет жаңартып отырады. Сонымен қатар ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі 2019 жылы “Darmen” мобильдік қосымшасын іске қосқан болатын. Бұл мобильдік қосымша арқылы SMS-ескертулер арқылы күн сайын облыстағы метеогидрологиялық жағдай туралы жедел ақпаратты, дауылды ескертулерді, нұсқаулықтарды және т.б. ақпараттарды жіберіп хабардар етіп отырады. Тез өзгеретін климаттық жағдайда жедел алынған ақпарат төтенше жағдайларды едәуір азайтып, адам өмірін мүмкіндігінше сақтауға, алдын-ала шешім қабылдауға мүмкіндік береді. «Darmen» мобильді қосымшасы қазіргі уақытта SMS-хабарламамен бірге пайдаланылуда. Бұл қосымшаны ұялы телефондарға App Store және Play Market арқылы жүктеп алуға болады. Мобильді қосымша Android және iOS операциялық жүйесі базасында смартфондар мен планшеттердің барлық қолданушыларына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеу үшін қолжетімді.
Қорытындылай келе, «Дармен» модильдік қосымшасын пайдалану бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде студенттер мен университеттің басқа да құрылымдарының қызметкерлері өздеріне қажетті ақпаратты ала алды. Әлі де болса бұл қосымшамен жұмыс жасап бастамағандар үшін жүктеу жұмыстары бойынша көмектер көрсетілді.

Поисковые слова: