Ақпараттық бұрыштардың көрмесін

2023 жылы 14 наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары бойынша кітапхана қызметкерлері АҚ бойынша үгіт материалдарының және ТЖ кезіндегі ақпараттық бұрыштардың көрмесін ұйымдастырды.

Өз кезегінде студенттер тарапынан да ұсыныстар болып, «Жас құтқарушы» бұрышы да ұйымдастырылды.

Бұрыштамада басты экран және төтенше жағдайлардың алдын алу мен ТЖ кезіндегі өзін-өзі, сондай-ақ қасындағы өзге де азаматтарды сәтті аман алып шығу жолдары бойынша шығарылған түрлі нұсқаулықтар мен кітапшалардан тұратын көрменің маңызы өте зор болды. Сонымен бірге нұсқаулықтар қызығушылық танытқан әрбір азаматқа таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өрт кезіндегі, жер сілкінісі, сел кезіндегі, газбен улану, лаңкестік акт жағдайындағы әрбір сәттерді жіті қадағалаудың және тиесілі орынға дер кезінде хабар беріліп, жеткізілуі адам өмірінің шығынына жол бермейтіні жайында ТҚ инженері С. Шарипов атап өтті.

Қорытындылай келе айтарымыз, кез-келген ТЖ кезіндегі іс-қимыл, әрекет тек өзіміздің ғана емес, айналамыздағылардың өмірі үшін де жауапты болудың маңыздылығын арттыру және адам, азамат ретіндегі парызымыз деп санау қажеттілігін әрбір жас өз көкейіне түйе білді.