ТЖ кезінде іс-қимылдар туралы онлайн-сауалнама

2023 жылы 15 наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары бойынша нәтижелерді қарау мүмкіндігімен ТЖ кезіндегі іс-қимылдарды білуге кітапхана қызметкерлері мен студенттер арасында онлайн-сауалнама жұмыстарын жүргіздік.

Сауалнамаға ТҚ инженері С.Шариповтың қатысуымен Zoom бағдарламасы арқылы жүргізілді. Бұл сауалнама әрбір адамның ТЖ кезіндегі іс-қимылдарын білу үшін және дайын болуы үшін маңызды. Сауалнама жүргізу нәтижесінде студенттер мен кітапхана қызметкелері ТЖ кезінде іс-қимылдарға дайын екендігін көрсетті.

Қорытындылай келе сауалнама арқылы кітапхана қызметкерлері мен студенттер көптеген мәліметтер ала отырып, апаттық жағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету, тұрғындарды құтқару,  және т.б. төтенше оқиғаларда мүмкін болатын шығындарды болдырмау болып табылады.