Интерактивті ақпараттық картаға іс-шара

2023 жылы 6 наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары бойынша үздік интерактивті ақпараттық картаға іс-шаралар (өрт сөндіру бөлімдерін, ТЖ кезінде жинау пункттерін, су айдындарын және т. б. орналастырумен) болды. Іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты. Іс-шара барысында ТҚ инженері С.Шариповтың қатысуымен болған үздік интерактивті ақпараттық карта бойынша өрт сөндіру бөлімдерінің және су айдындарында ТЖ кезінде жинау пункттерінің картасын жасадық. Осы тақырыпта жасалған іс-шарада кітапхана қызметкерлері мен студенттер жақсы нәтижелер көрсетті.

Қорытындылай келетін болсақ интерактивті ақпараттық карта бойынша қызықты мәліметтер алдық. Өткен іс-шара бойынша көптеген тәжірибелер жинадық.