Жарылыс-өрт қауіпті объектілердің макеттері

2023 жылы 6 наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары үздік макет (бомба баспаналары, жарылыс-өрт қауіпті объектілер, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері және адамдардың жаппай болуы) тақырыбы бойынша ТҚ инженері С.Шариповтың қатысуымен кітапхана қызметкерлері мен студенттер арасында іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында бомба баспаналары мен жарылыс-өрт қауіпті объектілердің макеттерін жасадық. Бомба баспаналарының макеті қағаз беттеріне жапсырылып және қағазға түсірілген жобасы көрсетілді. Қазіргі уақытта компьютерлік техника кеңінен қолданылуына орай макет жасау әлде қайда жеңілдеді. Қазіргі заманға сай студенттер макеттерді компьютердің көмегімен жасап шықты.

Қорытындылайтын болсақ қазіргі жастардың заманға сай дамып келе жатқаны қуантады. Макеттерді тек қолымызбен ғана емес компьютердің көмегімен де жасай алуға болатынын білдік.

Поисковые слова: