Алғашқы көмек көрсету

2023 жылы 3 наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары бойынша «ТЖ кезінде халықтың мінез-құлық ережелері», «алғашқы көмек көрсету» тақырыптарындағы сабақтары жүргізді. ТҚ инженері С. Шариповпен кездесуде ТЖ кезіндегі алғашқы көмек – адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданатын қарапайым шаралар жөнінде дайындалған баяндамасымен таныстырып өтті. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу т.б. жатады. Сондықтан да алғашқы көмектің негізгі шаралары қатарына жататын апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтату туралы сөз қозғалды. Ғылыми кітапхана басшысы Н.А. Модовов та апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақырудың маңызы туралы да сөз етті.

Қорытындылай келе сабақ барысында ТЖ жағдайында жарақатталған адамдарға алғашқы көмек көрсету жолдары үйретілді және әркім өзіне және жанындағы адамға алғашқы көмек көрсетуге дайын екендігіне көз жеткізілді.

Поисковые слова: