Ғимаратты эвакуациялау мен сейсмикалық жаттығулар

2023 жылы 7-наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары бойынша қызметкерлер мен студенттерді ғимараттан эвакуациялаумен жоспардан тыс сейсмикалық жаттығулар жүргізілді.
Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының, оның ішінде университет көлеміндегі студенттер мен қызметкерлер арасында төтенше жағдайларда дұрыс іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Осылайша тұрғындар эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдын-ала анықтап, дабыл қағатын чемодандарды дайындау қажеттіліктерін тағы да бір рет еске түсірді. Қауіпсіз орындар, бұл электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық алаңдары болып табылатынын атап өткен жөн.
Іс жүзінде жер сілкінісінің мобильді симуляторы көрсетілді, алғашқы көмек көрсету бойынша түрлі шеберлік мастер класстары өткізілді. Жақын жерде орналасқан қойма ғимараты ТЖ кезінде адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
Қорытындысы ретінде студенттерді топтарға бөліп, өзара құтқару шаралары жөнінде түсінгендірілген жаттығуларды жасаудың нәтижесі тексерілді. Бұл іс-шара да өзінің қажеттілігі мен пайдасын көрсетті.

Поисковые слова: