Сейсмикалық жағдайларға байланысты деректі фильм

2023 жылы 9-наурыз күні «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ «Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» ұранымен Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық – насихаттау іс-шараларын өткізу жоспары бойынша кітапхана қызметкерлері мен студенттер арасында деректі фильмдер көрсетілді.
Қазіргі таңда кинотеатрларда көсетіліп жатқан деректі фильм «Безопасное завтра» және басқада фильмдерден ой түйіндей келе, кенеттен болған ТЖ-ға дайын болуымыз керектігін және де қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі жайында ТҚ инженері С.Шарипов атап өтті. «Безопасное завтра» деректі фильмінде жер сілкінісі қаупі төніп тұрған елдер қатарына Қазақстанның да бұл тізімге енгені туралы айтылады. Сонымен қатар фильмде қазақстандықтардың төтенше жағдайларға дайындығы туралы сөз болды. Жыл сайын жер шарында бірнеше жүз мың жер сілкінісі болады. Оның жүзге жуығы жойқын, адамдардың өмірін қиып, бүкіл мегаполисті қиратып әкете алады. Біздің еліміз де сейсмикалық тұрақсыз мемлекеттер тізімінде. Түркиядағы жойқын жер сілкінісін көріп, «Қазақстан мұндай апатқа дайын ба?» деген ой келеді», – делінген деректі фильмнің хабарламасында.
Қорытындылай келе сейсмикалық жағдайларға дайындықты деректі фильмдер арқылы көру, яғни көру арқылы қабылдаудың ерекшелігі де зор екендігіне тағы да бір көз жеткіздік.